Атырау облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

172

Тағы екі адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті.

Атырау облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты Фото: gov.kz

Атырау облыстық полиция дерартаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 26 наурызда болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Таңертеңгі сағат 07:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы тасжолының 575-шақырымы тұсында Toyota Coaster автобусы мен Lada Vesta автокөліктері соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан оқиға орнында 3 адам қаза болды. Ал 2 адам әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу