Қайғылы оқиға Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолында болған, деп жазады inbusiness.kz atpress.kz порталына сілтеме жасап.
"28 ақпан күні сағат 07:55 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань автожолының 492 шақырымында Мақат-Қызылқоға бағытына қарай ж.һүріп бара жатқан Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі рульдік басқаруға ие бола алмады. Осылайша қарсы беттегі жолға шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан 4 адам қаза тауып, түрлі дене жарақатын алған 3 адам Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу