Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза болды

1998

Тағы бір адам ауруханада жатыр.

Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза болды

Атырау облысында ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін таңертең "Құлсары – Теңіз" тас жолының Жылыой ауданы аумағында екі автокөлік соқтығысып, оқиға орнында 5 адам қаза тапты.

Ресейде тіркеулі Chevrolet Aveo маркалы көлігіндегі 4 қазақстандық пен қарсы бағыттан келе жатқан "Лада 2131" автокөлігінің жүргізушісі мерт болды. Ал жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-баптың 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тағайындалған сараптамалар жүргізілгеннен кейін анықталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу