Атырау облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

294

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиғалардың бәрі 15 сәуір күні болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды Фото: atpress.kz

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол сақшылары тәулік бойы қызмет атқарып, үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Дегенмен жүргізушілер тарапынан жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы салдарынан тас жолдарда жол-көлік оқиғалары азаймай отыр.

"Таңғы сағат 05:45 шамасында Toyota Camry маркалы көлігі аударылып, 3 адам қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Сол күні сағат 15:30 шамасында Сағыз ауылында жасөспірім мотокөлікпен бағанаға соғылып, ауыр жарақат алды. Ол ауруханада көз жұмды. Ал сағат 16:40 шамасында Доссор-Құлсары тас жолының 93-шақырымында жүк және ВАЗ-2115 көліктері соқтығысып, 1 адам оқиға орнында қайтыс болды", – деп хабарлады полиция департаменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу