Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

1025

Жарақат алғандардың ішінде Қытай азаматы да бар. 

Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Атырау облысындағы тас жолда екі автокөлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам мерт болып, алты адам жараланды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Мақат ауданы аумағында қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі көлік: "LADA Priora" пен "Lexus" соқтығысқан.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң 2 адам ауруханаға жатудан бас тартқан, ал өзгелері аудандық ауруханаға жеткізіліпті.

Ауруханадан хабарланғандай, зардап шеккендердің екеуі оқиға орнында көз жұмған. Ал жарақат алғандардың ішінде Қытай азаматы да бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу