Атырау облысында жүкті әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болды

1554

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Атырау облысында жүкті әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болды Фото: inbusiness.kz

Атырау облысында 29 жастағы келіншек жүктіліктің 36-аптасында қайтыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас 5 желтоқсанда "жедел фарингит" диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Марқұмның артында бір жасар баласы қалды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу