Атырау-Орал тасжолы бойында "Мерседес" автокөлігі мен автобус соқтығысып, апаттан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz.
Жол-көлік оқиғасы Ақжайық ауданының Тайпақ елдімекені маңында болған. Өкініше қарай жеңіл көліктегі қатты жарақаттанған жүргізуші жедел жәрдем келгенше, көз жұмды.
Жеңіл көлік Атыраудан Оралға, ал жолаушысыз бос автобус кері бағытқа бет алған. Қазір автобус жүргізушісі мен жеңіл автокөліктегі екінші адам ауруханада жатыр. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу