Атырауда 10 жасар баланың аяғы субұрқақ құбырына қысылып қалды

430

Оқиға кеше, 20 маусымда болған.

Атырауда 10 жасар баланың аяғы субұрқақ құбырына қысылып қалды Фото: Атырау облысы ТЖД

Атырауда 10 жасар баланың аяғы субұрқақтың құбырына қысылып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"10 жасар бала қатарластарымен бірге жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 8:00 шамасында Атырау қаласының "Вокзал маңы" шағын ауданында орналасқан субұрқаққа ойнауға келген. Сол кезде оның аяғы субұрқақтың су төгетін құбырына қысылып, жасөспірім аяғын шығара алмай қалған. Осыған байланысты оның ата-анасы құтқарушылардың көмегіне жүгінді", - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Оқиға орнынан жедел жеткен құтқарушылар арнайы құтқару құралымен баланың аяғын темір тұрбалар арасынан шығарды. Балаға ешқандай зақым келген жоқ.

"Ата-аналарға балаларды субұрқақтың суына түсуге жібермеуін ескертеміз. Өйткені, субұрқаққа құлау, жарақат алу қаупі бар. Жалпы, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, субұрқаққа шомылуға тыйым салынғанын қаперлеріңізге саламыз", -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу