Атырауда 10 жастағы бала бассейндегі суға батып кетті

191

Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 

Атырауда 10 жастағы бала бассейндегі суға батып кетті Фото: Pixabay.com

Атырауда "Мұнайшы" стадионындағы бассейнге батып кеткен 10 жасар бала көз жұмды. Қазір кешенді тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 14 шілде сағат 16:30 шамасында болған. 

"Атырау қаласындағы „Мұнайшы“ стадионындағы бассейнге 10 жасар бала батып кетіп, қайтыс болды. Қазір аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

"Мұнайшы" стадионындағы бассейніне 2019 жылы қайта жаңғырту жүргізілген.

Бассейндегі олимпиадалық стандартқа сәйкес 8 жолаққа бөлінген жүзу жолының ұзындығы — 50, ені — 21, ал тереңдігі 2 метрден асады. 

Бассейн 2020 жылы сенімді басқаруға берілген. Мұнда 600-ден астам бала су спортымен айналысуға келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу