Атырауда 2 автобус соқтығысып, 6 адам ауруханаға түсті

471

Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізілді.  

Атырауда 2 автобус соқтығысып, 6 адам ауруханаға түсті Фото: 24.kz

Жолаушы тасымалдайтын екі автобус 22 маусымда сағат 08:00 шамасында Амандосов көшесінде соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, Yutong маркалы автобустың тежегіш жүйесі істен шыққан. Көлікті тоқтата алмаған жүргізуші жол жиегінде тұрған дәл сондай маркалы басқа автобусқа соғылған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан әртүрлі дене жарақатын алған 6 жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір аталған дерек бойынша тиісті материалдар жинақталып жатыр", – деп хабарлады полициядан.

Апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу