Атырауда әйел адам емханада қайтыс болды

683

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Атырауда әйел адам емханада қайтыс болды Фото: inbusiness.kz

Атырауда 51 жастағы әйел №1 қалалық емхана филиалының емдеу бөлмесінде дәрі егілген соң көз жұмды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 1972 жылы туған әйел 24 қарашада естуі нашарлағанын айтып, осы емдеу мекемесінің отоларинголог дәрігеріне жүгінген. 

"Кейіннен, 13 желтоқсанда ол емдеу бөлмесіне жолдама алу үшін жеке сурдологтың тағайындауымен учаскелік дәрігеріне барды. 14 желтоқсанда сағат 09:15-те бірінші ине салынған соң әйелдің жағдайы нашарлап, есінен танып қалған", - делінген хабарламада. 

Дәрігерлер дереу жедел жәрдем шақырып, сол аралықта алғашқы медициналық көмекті өздері көрсеткен.

"Алайда сол күйі есін жинамаған әйел сағат 09:51-де жан тапсырады. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу