Атырауда әскери бөлім сарбазы көлігімен әйелді қағып кетті

316

Атырау қаласының Водник-3 ықшамауданында Hyundai Tucson көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырауда әскери бөлім сарбазы көлігімен әйелді қағып кетті Фото: astanatv.kz

Жол апатынан әйел адам оқиға орнында көз жұмды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 11 қараша күні таңғы сағат 06:30 шамасында болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, көлік тізгінінде Водник ықшамауданындағы 5546 әскери бөлімнің сарбазы болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу