Атырауда бір айға жуық уақыт бұрын жоғалған жасөспірімнің денесі табылды

492

Кәмелетке толмаған баланың денесі табылғаны туралы атасы Амангелді Қазбеков әлеуметтік желіде жазды.

Атырауда бір айға жуық уақыт бұрын жоғалған жасөспірімнің денесі табылды Фото: Атырау газеті

"Менің немерем Әсемайым табылды. Ертең сағат 10-да намазын шығару ұйғарылды", -деген Амангелді Қазбеков.

"Соңғы бейнебақылау камерасынан Әсемайдың тек көпірге көтеріліп бара жатқаны көрінді. Сол жағадағы бір тұрғын үйдің камерасын қарауға үмітіміз болды. Алайда үй иесі 3 күн үйінде болмаған еді. Үй иесі аңшылыққа кеткен екен. Кейін оның келгенін білдік. Әсемайдың әкесі сол үйдің камерасын қарап шықты. Өкінішке орай камерадан Әсемай қызымыздың көпірден секіріп кеткені көрінген", - деп хабарлады жергілікті белсенді Сандуғаш Кукенова.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда жасөсіпірмнің жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу