Атырауда бір тәулікте 30 нәресте дүние есігін ашты

503

Бұл туралы Атырау облыстық перинаталдық орталығының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Атырауда бір тәулікте 30 нәресте дүние есігін ашты  Фото: freepik

Атырауда соңғы бір тәулікте 30 сәби өмірге келді. Оның арасында бір егіз бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық перинаталдық орталығы баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, былтыр өңірде 301 егіз туылған.

"Былтыр облыстық перинаталдық орталықта 7863 бала жарық дүние есігін ашты. Оның ішінде, 301 егіз бар. Егіздің бірі 2023 жылғы 31 желтоқсанда сағат 15:20-да өмірге келді. Орталықта 31 желтоқсаннан 1 қаңтар күнгі сағат 09:00-ге дейін 30 сәбидің дүниеге келгені тіркелді. Жаңа туған нәрестелердің 14-і қыз болса, ал 16-сы – ұл", - деп түсіндірді орталықтың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу