Блогерлер "бомжсың" деп келемеждеген: Атырауда күзетшінің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды

1357

Марқұм мекеме күзетшісі Хәкім Иманиязов 56 жаста болған.

Блогерлер "бомжсың" деп келемеждеген: Атырауда күзетшінің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды Фото: Бейнежазбадан

Атырауда блогерлердің қысымынан кейін қайтыс болған күзетшінің ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай өздерін блогерміз деп таныстырған бір топ адам Атыраудағы Мемлекеттік сараптама орталығына келген. Олар сол жердегі күзетшіге тіл тигізген.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі ( Fдамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы жасаған бұзақылық) бойынша іс қозғалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атыраудағы “Мемлекеттік сараптама орталығы” мемлекеттік мекемесінің күзетшісі жұмыс орнындағы оқиғаға байланысты басына қан құйылып көз жұмған еді. Оқиғаның видеосын қорғаушы Айнұр Балакешова өзінің желідегі парақшасында жариялаған.

Видеодан көргеніміздей блогерлер күзетшіге дауыс көтеріп, артынша балағаттаған. Олар күзетшінің аяқ киіміне тиісіп, “сен бомжсың ба?”, “сен кімсің?”, “сен еркек емессің, белдемше киіп ал” деп айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу