Атыраудағы нәресте өлімі: Дәрігерлерге кесілген үкім өзгеріссіз қалды

941

Олардың кінәсі толығымен дәлелденген.

Атыраудағы нәресте өлімі: Дәрігерлерге кесілген үкім өзгеріссіз қалды

Атырауда облыстық перзентхана дәрігерлеріне байланысты шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды. Апелляциялық сот олардың барлық кінәсі толығымен дәлелденгенін негізге алды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Айта кетейік, облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне тірі туған нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді деген айып тағылған еді. Қорытынды дер кезінде білікті медициналық көмек көрсеткен жағдайда шарананы құтқару мүмкін болатынын көрсеткен.  

"Атырау облыстық перинаталдық орталығы" кәсіпорны директоры К. Нысанбаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі 3,7,14-тармақтарымен (алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен дәрменсіз күйдегі кәмелетке толмаған адамды өлтіру), 361-бабы, 1-бөлігі (лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану), 24-бабы, 3-бөлігі, 367-бабы, 2-бөлігі (пара беруге оқталу) кінәлі деп танылып, оған 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы,​ кезекші дәрігер А. Қайыржан және акушер Ж. Кулбатирова Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 3,7,14-тармақтарымен кінәлі деп танылып, А. Қайыржанға 16 жыл, Ж. Құлбатыроваға 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, неонатолог-дәрігерлер Д. Жұмабаева, Р. Нұрмаханбетов Қылмыстық Кодексінің 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) кінәлі деп танылып, оларға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сотталушылардың кінәсі бірінші инстанция сотында зерттелген дәлелдемер жиынтығымен, куәгерлердің жауабымен, сараптама қорытындысымен толығымен өз дәлелін тапқан", – деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.​

Сот алқасы сотталғандардың қылмысы жазаның түрі мен мерзімі жасаған әрекеттеріне, заң талаптарына сай тағайындалғаны туралы тұжырымға келген. Алайда сотталғандар өздеріне тағылған айыппен бәрібір келіспейтінін білдірген. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу