Атырауда 9 жастағы жасөспірімді ұрып-соққан 21 жастағы жігіт қамауға алынды

Жәбірленуші баланың жеңіл жарақат алғаны белгілі болды.  

Атырауда 9 жастағы жасөспірімді ұрып-соққан 21 жастағы жігіт қамауға алынды Фото: Бейнежазбадан

Қазір полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқыс жағдай Атырау қаласындағы аулалардың бірінде тіркелген. Онда 9 жастағы жасөспірімге 21 жастағы тұрғын ұрып-соғу арқылы зорлық-зомбылық жасаған. Бұл сәт видеоға жазылған, себебі ойын алаңы толық камераның бақылауында. 

– Жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды, – делінген Полиция департаментінің ресми хабарламасында. 

Полиция бірден жақын маңдағы бақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алуға кіріскен. Соққыға жығылған балаға психолог көмегі көрсетіліп жатыр. 

Бұған дейін саусағынан айырылған азаматтың медициналық орталықты сотқа беріп, жеңіп шыққанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу