Атырауда лифтіден құлаған азаматқа ота жасалды

929

Оқиғаның жай-жапсары тексерілуде.

Атырауда лифтіден құлаған азаматқа ота жасалды

Атырау қаласында кеше көп қабатты үйдің 15 қабатынан шахтаға құлап кеткен жұмысшыға ота жасалды. Төтенше оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Айта кетейік, қаладағы Сәтпаев көшесіндегі "Ардагер" тұрғын үй кешенінде болған апат кезінде бір адам қаза тауып, екіншісі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Олар "Лифт Инвест" ЖШС-сының демонтаж жасап жатқан жұмысшылары болып шықты. Белгілі болғандай, екеуі де Алматы облысынан келген азаматтар. 

"Қазір 1987 жылы туған науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Оған ота жасалды, қазір ол жансақтау бөлімінде, дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. 

Ал полиция департаменті аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 280 бабы бойынша тергеу амалдары басталғанын хабарлайды. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу