Атырауда өлі табылған ерлі-зайыптылардың кіші қызы психоорталыққа жатқызылды

2025 жылдың қараша айынан бастап ұшты-күйлі жоғалған отбасының кеше ғана ұлы мен қызының мәйіті табылған еді. 

Атырауда өлі табылған ерлі-зайыптылардың кіші қызы психоорталыққа жатқызылды Фото: Бейнежазбадан

Олардың көмілген жерін Индонезиядан Қазақстанға депортацияланған күдікті әрі отбасының экс-күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев айтып берген болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елге күштеп жеткізілген күдіктінің бұрынғы әйелі, яғни, әке-шешесі мен аға-әпкесі экс-күйеуінің қолынан қаза тапқан Ақбаян Мұқанғалиеваны полиция психоорталыққа жатқызды. 

Ішкі істер министрінің мәліметінше, дәрігерлер Ақбаянды мұқият тексеріп, оған диагноз қоюы тиіс. 

– Оның психикалық жағдайын тексеру үшін полиция оны сот-психиатриалық сараптама өткізетін медициналық ұйымға жатқызды, – деп хабарлады полиция өкілдері. 

Бұған дейін Атырау облысындағы әуелі жаппай жоғалып, кейін бәрі өлі табылған отбасы мүшелеріне қатысты қылмыстың басты себебі айтылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу