Атырауда өртке "Қазавиақұтқару" тікұшақтары тартылды

548

Олар әуеден отыз тонна су шашқан.

Атырауда өртке "Қазавиақұтқару" тікұшақтары тартылды

Атырауда "Ақжайық" резерватында қамыс өртеніп жатқанын бұған дейін жазған болатынбыз.  Оған жергілікті өрт сөндіру күштерінен бөлек, Шымкент қаласынан "Қазавиақұтқару" АҚ-ның тікұшақтары да жұмылдырылды.

Қазіргі күні ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің авиациясы Атырау облысындағы жану ошақтарына 30 тонна су шашқан. Оның ішінде, "МИ-17" тікұшағы жану ошағына әр жолы он тоннадан су шашып отырса, "Еврокоптер145" тікұшағы жану аумағын бойлай ұшып өрт сөндіріп отыр. "

Жану орны батпақты, өсімдіктердің биік болуы өртті сөндіруді қиындатып отыр, арнайы техниканың өту мүмкіндігі жоқ болғандықтан әуе арқылы әрекет етіп отырмыз", - деп түсіндіреді облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен. 

Бұдан бөлек, 6 қыркүйек күні қалалық полигонда да өрт болып, ол топырақ төгу арқылы сөндірілді.  Шамамен таңғы сағат 06.00-де тұтанған тілсіз жау 100 шаршы метрдей жерді қамтыған. Ол "Арнайыавтобаза" ЖШС жұмысшылары мен техникасының күшімен ауыздықталды. 

"Өрттің себебі - табиғи өздігінен жану. Қазіргі уақытта өрттің салдары толығымен жойылды. Қалалық қоқыс алаңында өрттің алдын-алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Коммуналдық техникалардың бір бөлігі теңіздегі қамыс өртін жою жұмыстарына жіберілді", - деп хабарлайды аталған департаменттен. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу