Атырауда полиция басшылары жаппай қызметтен қуылды

182

Ресми түсініктемеде нақты есімдер аталмаған, тек лауазымдар көрсетілген.    

Атырауда полиция басшылары жаппай қызметтен қуылды Фото: gov.kz

Атырауда полиция саласында қызметтік тексеріс нәтижесінде бірқатар басшылар қызметінен босатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Тексеру барысында бірнеше әскери-қызметтік тәртіптің өрескел бұзылғаны анықталған.

"Қызметтік-әскери тәртіптің өрескел бұзылуына, тиісті бақылаудың және жұмысты ұйымдастырудың болмауына байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ Атырау облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы мен есірткі құқықбұзушылықтарына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары қызметтерінен босатылды", – делінген ІІМ таратқан хабарламада.

Министрлік құқық қорғау органдарында заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу