Атырауда Полиция ғимаратының қоршауын бүлдірген жүргізушіге іс қозғалды

1090

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ, жүргізушіге қатысты Әкімшілік кодекстің 608-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. 

Атырауда Полиция ғимаратының қоршауын бүлдірген жүргізушіге іс қозғалды

"3 қаңтар күні сағат 00:05 шамасында Mitsubishi ISX маркалы автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізіп, Атырау облысы бойынша полиция департаментінің шаруашылық ауласының құрылысын (тас қоршау) бүлдірді", - делінген облыстық полиция хабарламасында.

Полиция аталған бап бойынша көлік құралының жүргізушісіне 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы кесілетінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу