Атырауда Салық Зимановқа ескерткіш қойылды

1069

Биыл заңғар заңгердің дүниеге келгеніне – 100  жыл.

Атырауда Салық Зимановқа ескерткіш қойылды

Атырауда бүгін қоғам қайраткері, академик Салық Зимановтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Бұдан бөлек, "Салық Зиманов және қазақ мемлекеттілігі: тарихы мен құқықтық дамуы" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, қаладағы №37 орта мектепке танымал заңгердің есімі берілді, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Айта кетейік, Салық Зимановқа қойылған ескерткіш қоладан құйылған, биіктігі – 4,1 метр, оның ішінде тұғыры – 1,60 метр құрайды. Туынды авторы – мүсінші Бақытбек Мұхаметжанов. Оның ашылу салтанатына белгілі ел азаматтарымен қатар, заңгердің отбасы мүшелері де қатысты. 

Қазақстанның құқықтық жүйесін қалыптастырушы, Мемлекеттік сыйлықтың және Президенттің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері, академик Салық Зимановтың 100 жылдық мерейтойы Атырау облысы әкімдігінің ұсынысымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған мерейтойлық және естелік күндер тізбесіне енгізілген болатын. Шара аясында ғалым жайлы деректі фильм түсіру де жоспарланған.    

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу