Атырауда сарбаздың неден көз жұмғаны белгілі болды

851

Әскери бөлімде науқаспен қарым-қатынаста болғандардың барлығын дәрігер қарап шықты, антибиотикопрофилактика басталды.

Атырауда сарбаздың неден көз жұмғаны белгілі болды

Атырауда менингиттен әскери қызметші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"26 қазан күні әскери бөлімнің фельдшері әскери қызметшіні ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізді. Клиникалық-зертханалық тексерістердің және салалық мамандардың консультацияларынан кейін науқасқа "менингококк инфекциясының күрт асқынатын түрі" алдына ала диагнозы қойылды. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Жүргізілген интенсивті терапияға қарамастан, ол 5 сағаттан кейін қайтыс болды", - деп мәлім етті облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Алдына ала мәлімет бойынша, сарбаз медициналық қызметке 26 қазан күні жүгінген. Ол әскери бөлімге 16 қазан күні келген.

"Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның анық-қанығын тексеру үшін комиссия құрды. 27 қазан күні әскери бөлімде эпидемияға қарсы, алдын алу шаралары өткізілді – науқаспен қарым-қатынаста болғандардың барлығын дәрігер қарап шықты, антибиотикопрофилактика басталды. Байланыста болғандардың арасында менингококк инфекциясын жұқтыру белгілері бар тұлғалар анықталған жоқ. Медициналық бақылау жалғасуда", - деді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу