24 желтоқсан күні шамамен сағат 19:00-де Ақтөбе – Атырау – Астрахань автожолында үш автокөлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жүк көлігі, Toyota Hilux және Toyota Alphard көліктері соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Toyota Hilux көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу