Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

483

Оқиға бүгін, 30 қараша күні сағат 11:00 шамасында Атырау қаласындағы Владимирский көшесі бойында орын алды, деп жазады inbusiness.kz.  

Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады Фото: Атырау облыстық ПД

Екінші дәрежелі жолдан шыққан Daewoo Nexia маркалы көлігі басты жолмен келе жатқан жедел жәрдем көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігінің жолаушысы дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

"Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда" делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу