Атырауда жоғалып кеткен жасөспірім қыз әлі іздестіріліп жатыр

592

16 жасар қыз 6 сәуірде із-түзсіз жоғалып кеткен.

Атырауда жоғалып кеткен жасөспірім қыз әлі іздестіріліп жатыр Фото: Атырау облысы ТЖД

Атырауда 13 күн бұрын із-түзсіз жоғалған 16 жасар қыз әлі табылған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, 16 жастағы қыз 6 сәуірде із-түзсіз жоғалып кеткен.

"Жасөспірім қыз ата-анасына ескертпей, үйінен шығып кетіп, оралмаған. Департаменттің диспетчерлік пультіне 7 сәуірде 2007 жылғы жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабар түсті. Сол күннен бері жедел құтқару жасағының құтқарушылары кәмелетке толмаған жасөспірім қызды іздестіріп жатыр. Әзірге іздеу жұмыстары нәтиже берген жоқ", - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Іздестіру жұмыстарына жедел-құтқару жасағының кинологиялық есебі, 14 құтқарушы, 4 жүзу құралы тартылған. Сондай-ақ жасөспірімнің туыстары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар Жайық өзенінің жағалауына барлау жұмыстарына көмектескен.

"Осы кезге дейін жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері Жайық өзенінің 730 шаршы метрден астам аумағында су астынан іздеуді жүргізді. Алайда, бүгін, 19 сәуірде Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне, ағыстың жылдамдығы мен жел екпінінің күшеюіне байланысты іздестіру тоқтатылды. Өйткені, сүңгуірлерге өзен ағысының жылдамдығы секундына 2 метр болғанда іздестіруді жүргізуге рұқсат етіледі. Қазір Жайық өзеніндегі су ағысының жылдамдығы – секундына 3,5-4 метр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ  өзендегі кері ағыс пен су астында бөгде заттардың көп кездесуі, көріну деңгейінің төмендігі қиындық тудырған.

Еске сала кетсек, бұған дейін жасөспірімнің көпірден секіріп, суицид жасағаны туралы жазған болатынбыз. Бұл туралы іздеу жұмыстарына қатысқан ерікті Сандуғаш Кукенова Facebook-парақшасында хабарлады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу