Атырауда жол апатынан 2 адам көз жұмды

333

Атырауда Volkswagen Polo мен "Газель" көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырауда жол апатынан 2 адам көз жұмды Фото: бейнежазбадан

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 16 қарашада сағат 03:30 шамасында Исатай Тайманов пен Ғаббас Берғалиев көшелерінің қиылысында болған.

Соқтығыс салдарынан Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында жан тапсырған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатына қатысты тергеу материалдарын жинақтап жатыр.

Ведомство жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтап, белгіленген жылдамдық режимінен аспауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу