Атырауда жол апатынан 4 адам көз жұмды

803

Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, көлік аударылған.

Атырауда жол апатынан 4 адам көз жұмды

Атырауда жол апатынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жол-көлік оқиғасы өткен түні "Орал-Атырау" тас жолының Атырау қаласына жетеберіс тұсында болған. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, көлік аударылған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктегі екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен тағы екі жолаушы жансақтау бөліміне жеткізілген, кейінірек оның екеуі алған жарақатынан қайтыс болды", – деп жазылған хабарламада.

Қазір Қылмыстық кодекстің 345 бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) 4 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу