Атырауда жол апатынан бес адам қаза тапты

885

Атырау облысында жұма күні Құлсары-Бейнеу тас жолында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, нәтижесінде бес адам қайтыс болды, бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Атырауда жол апатынан бес адам қаза тапты

Мәліметке сүйенсек, сағат 11:30 шамасында Арменияда есепте тұрған "Honda Odyssey" және Ресейде есепте тұрған "Ваз-2115" автокөліктері соқтығысқан.
Оқиға орнында "Ваз-2115" автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушысы қаза тапты.

"Екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді. Жарақат салдарынан жолаушы ауруханада көз жұмды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу басталды.

"ВАЗ-2115 автокөлігінің жүргізушісінің көлік құралын басқаруға құқығы болмағаны анықталды", - деп атап өтті полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу