Атырауда жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қаза тапты

429

Аталған жағдайға байланысты тергеу басталды.

Атырауда жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қаза тапты Фото: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі

Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, қайғылы оқиға 9 қаңтарда сағат 18:30 шамасында Доссор-Бейнеу тасжолының 74-шақырымы тұсында болған.

"Төрт автокөліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болып, 1995 жылы туған азаматтың басқаруындағы "Газель" автокөлігі жедел-жәрдем автокөлігімен және 1993 жылы туған азаматтың басқаруындағы IVECO автокөлігі Rolfo Sirio автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жедел-жәрдем автокөлігінің 1964 жылы туған медицина қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда", - делінген ПД хабарламасында. 

Айта кетейік, "Газель" автокөлігінің жүргізушісі мен жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осы ретте, атыраулық полицейлер жол қозғалысына қатысушылар назарына ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу