Атырауда КамАЗ көлігі велосипедпен келе жатқан 6 жасар баланы қағып кетті. Бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Атырау қаласының Жұлдыз-2 шағынауданында КамАЗ жүк көлігі велосипедпен келе жатқан 6 жасар баланы қағып кеткені анықталды. Көлік қаққан бала оқиға орнында мерт болды. Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты іс-құжаттар жинақталып жатыр", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері жазғы демалыс кезеңі жақындағандықтан ата-аналарға балалар қауіпсіздігін қадағалауды ескертіп отыр.
Қауіпсіздіктің басты талабы – жол қозғалысы ережесін сақтау.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу