Атыраудағы отбасының қазасы: Ақбаян Мұқанғалиеваның қылмысқа қатысы жоқ екені айтылды

442

Психологиялық-психиатриялық сараптама жалғасуда. 

Атыраудағы отбасының қазасы: Ақбаян Мұқанғалиеваның қылмысқа қатысы жоқ екені айтылды Фото: Бейнежазбадан

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында Атырау облысындағы қанды қылмысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Белгілі болғандай, күдіктінің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева қылмысқа қатысы жоқ. Санжар Әділов бұған дейін облыстық прокуратура бұл қылмыстық іс бойынша түсініктеме бергенін еске салды.

"Менің алып қосарым жоқ. Сәрсемалиевтің бұрынғы жұбайына қатысты стационарлық психологиялық-психиатриялық сараптама жалғасып жатыр. Ол да күдікті ретінде қарастырылуда, бұл факті бойынша қылмыстық іс бөлек өндіріске бөлінген. Оның қылмысқа қатысы тексерілді. Бұл бөлікте оған айып тағылған жоқ", – деді Санжар Әділов.

Айта кету керек, бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов кішкентай кезінде продюсерден қорлық көргенін айтқан жас жігітке қатысты пікір білдіргенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу