Атыраудағы жол апаты: аудан әкімінің орынбасары қайтыс болды

382

Қайғылы оқиға 26 мамыр күні Миялы – Сағыз тасжолында болған.    

Атыраудағы жол апаты: аудан әкімінің орынбасары қайтыс болды Фото: qyzylqoga.kz

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызметтік көлік аударылып, Ерболат Иғали оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аман қалған. Марқұмның қазасын Атырау облысының әкімдігі растады.

"Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғалидің кенеттен қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз", –  деп хабарлады облыстық әкімдік.

Ерболат Иғали 1980 жылы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын аудандық газетте тілші болып бастап, кейін мемлекеттік қызметте түрлі лауазым атқарған.

2023 жылдың қаңтарынан бері Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Маусым айында 46 жасқа толуы тиіс болған марқұмның артында бес баласы қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу