Ауа-райына байланысты маңғыстаулық оқушылар қашықтан оқиды

397

Маңғыстау облысында қатты желге байланысты бүгін, 22 қарашада оқушылар қашықтан оқып жатыр.

Ауа-райына байланысты маңғыстаулық оқушылар қашықтан оқиды Фото: inbusiness.kz

Облыстық білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 22 қарашада облыстың білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптар мен ережелерге сәйкес, қашықтықтан оқытуға келісім берілгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

“Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтау қаласының білім беру мекемелерінің күндізгі сабақтары, яғни 1 ауысым қашықтықтан оқыту форматына өзгертілді. Егер ауа-райы өзгермесе, екінші ауысым да қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады”,- деп хабарлады білім басқармасы өкілдері.

ТЖД тұрғындарға 22 қарашада Ақтауда секундына 15-20 метрден бастап 30 м/с дейін қатты жел соғып, дауыл болатынына ескерту жіберді.

“22 қарашада Маңғыстау облысының басым бөлігінде солтүстік-батыс жел 15-20 м/с, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 23-28, кейде 30 м/с және одан да көп болады деп күтілуде”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу