Ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар жолдар жабылды

251

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді.

Ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар жолдар жабылды Фото: canva

2025 жылғы 10 қаңтарда сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Жетісу облысында ауа райының күрт нашарлауына барлық көлік түрі үшін "Үшарал – Достық" автожолының 84-164-шақырым аралығында (Көктұма ауылы – Достық станциясы учаскесі) қозғалыс шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу "Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Сонымен бірге "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты "Қалқаман" жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу