Ауданда 22 жобаға 877,1 миллион теңге бөлінді

632

Жамбыл облысының шалғай аудандарының бірі - Сарысуда "Ауыл ел бесігі" жобасы  аясында 16 жобаға 285,9  миллион теңге қаражат бөлінген. Жоба шеңберінде әлеуметтік нысандар мен аудандық мәндегі жолдарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. 

Ауданда 22 жобаға 877,1 миллион теңге бөлінді Фото: adyrna.kz

Жалпы "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында Сарысу ауданында 2020 жылдан бастап екі жылға 49 жобаға 1369,00 миллион теңге қарастырылған. Бағдарламаға ауыл көшелерін жарықтандыруға тағы да сол секілді әлеуметтік мәні бар жобалар енгізілген.

Айталық білім саласы бойынша 2 жобаға 282,9 миллион теңге бөлініп, Жаңаталап орта мектебімен Саудакент ауылындағы "Ақбота" балабақшасы күрделі жөндеуден өткен.

Алайда жүргізілген зерделеу жұмыстары кезінде балабақшада сыртқы әрлеу жұмыстарының сапасыз жүргізілгені анықталды. Одан бөлек ішкі бөлмелердергі сылақтардың кейбір жерлері көтеріліп түсіп жатыр. Қазірдің өзінде дәліздердегі қабырғаларынан сыз өте бастаған.

Сондай-ақ күрделі жөндеу жүргізілген Жаңаталап орта мектебіне өте арзан есіктер орнатылған. Сонымен бірге арзан пластик плинтустар орнатылғандықтан, сынып жатыр. Қабырғаларының сылағы көтеріліп кеткен.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу