Ауғанстанда қатты аяздан кем дегенде 20 адам қайтыс болды

625

Ауғанстанның әртүрлі провинцияларында ауа-райы күрт төмендеп, бұрын-соңды болмаған аяздан кем дегенде 20 адам қайтыс болды. 

Ауғанстанда қатты аяздан кем дегенде 20 адам қайтыс болды Фото: img5.eadaily.com

Бұл туралы"Ферғана" АА TOLOnews телеарнасына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Герат провинциясының аймақтық ауруханасының мәліметтеріне сәйкес, кем дегенде 70 адамды үсік шалып, ауруханаға жатқызылған. Аязда далада қалған төрт адам қайтыс болды.

Жергілікті биліктің ақпаратына сәйкес, Бадгис провинциясында тағы бес адамды үсік шалып, оларды дәрігерлер құтқара алмаған.

"Бір шопан мен төрт бала суықтан қайтыс болды", - деді Бадгис губернаторының өкілі Ахмад Ханзала.

Пәкістанмен шектесетін Хост провинциясындағы бес адам, Солтүстік Фаряб провинциясындағы екі адам және Солтүстік Джаузжан провинциясындағы екі адам да аяздан қайтқан.

Адамадармен қоса қыстың қысымына мал да шыдамады. Әр түрлі провинцияларда кем дегенде 4000 бас ірі қара өлгені атап өтілді.

Сондай-ақ, елдің бірнеше аймақтарында мыңдаған акр ауылшаруашылық жерлері мен жүздеген жылыжайлар аяздан зардап шекті.

Суық мезгілде ауғандықтар жылыну үшін газ пештері мен көмірді пайдаланады, ол да адам өліміне әкеледі. Соңғы 10 күнде елде кем дегенде 10 адам уланып қайтыс болған, деп хабарлайды Ауған БАҚ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу