Бүгін Ауғанстанның Лашкаргах қаласында террорист-жанкешті полиция бөлімшесі жанында тұрған көлікті жарды, деп хабарлайды ТАСС.
Салдарынан 5 адам қаза болып, 38 адам жараланды. Қаза тапқандардың үшеуі қауіпсіздік қызметінің қызметшілері. Жарылыс мектепке жақын маңда орын алғандықтан, зардап шеккен оқушылар да бар.
Бұл жарылысты "Талибан" қозғалысы мойнына алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу