Ауғанстандағы жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек – ҚР СІМ

949

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Ауғанстандағы жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек – ҚР СІМ

"Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың даму барысын мұқият қадағалап отыр. Аталған елдің тарихында тағы бір шешуші сәт келе жатыр. Көпжылдық жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек", – деп мәлімдеме таратты бүгін СІМ.

Еске сала кетсек, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы қандастарға көмектесуді тапсырған болатын. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Ауғанстандағы этникалық қазақтардың өтінішіне байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қажет болған жағдайда тарихи отанына қайтару мәселесі бойынша барынша көмек көрсетуді тапсырды. Өз кезегінде біз Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігіне осы мәселені ерекше бақылауға алу жөнінде тиісті тапсырма бердік", – деді Смадияров.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу