Әулиекөлдегі жаңа үйлерді су басу: Аудан әкімі жағдайдың тұрақтанғанын айтты

516

Билік тұрғындарды алаңдаудың еш негізі жоқ деп сендірді.

Әулиекөлдегі жаңа үйлерді су басу: Аудан әкімі жағдайдың тұрақтанғанын айтты

Әлеуметтік желілерде Әулиекөлдің жаңа шағын ауданындағы үйлерді су басқаны туралы бейнеүзінділер жарияланған соң және тұрғындардың әкімдікке шағымынан кейін ауылда суды сорғыту жұмыстары басталған болатын, деп жазады inbusiness.kz.

"Шағын аудандағы 91 үйдің ауласынан 12 үй маңындағы аумақ су астында қалды. Іргетастар барлық талапқа сәйкес тұрғызылғандықтан, үйлерге су кірмейді. Оған қатысты мәселе туындамады. Бұл жағдай жедел түрде орындалды. Бүгінде 4 бірлік су сорғыш техника және 2 мотопомпалар жұмыс істеп жатыр. Ауданның және ауылдық округтің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен 25-ке жуық адам көмекке келді", - деп мәлімдеді Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Теменов.

Облыс әкімдігінде атап өткендей, су басқан аула аумақтары бойынша мәселе шешілді. Бұдан бөлек құрылыс басқармасы тұрғын үйлерге арналған жеке септикке жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр. Бұл жобаны жүзеге асырған соң шағын ауданды су басу мәселесі туындамайды. Бүгінгі таңда екі үйге бір септик қарастырылған. 

Айта кету керек, осыған дейін Әулиекөлдегі жаңа үйлер су астында қалғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу