Ауруханаларда ұшақ апатына түскен тоғыз адам ем қабылдауда

657

Олардың жағдайлары тұрақты.  

Ауруханаларда ұшақ апатына түскен тоғыз адам ем қабылдауда

Алматы, Нұр-Сұлтан және Алматы облысының ауруханаларында Fokker-100  бортында болған тоғыз адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі кезде Алматы мен Нұр-Сұлтан, Алматы облысының ауруханаларында 9 ересек адам ем қабылдауда. Олардың жағдайы тұрақты",-деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, 27 желтоқсан күні Bek Air әуе компаниясының Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тауып, тағы 69-ы ауруханаға түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу