Аустралияда ішіне ине жасырылған құлпынайлар табылды

1333

Жергілікті биліктің жаңа заңы бойынша, азық-түлікті қасақана бүлдіргендер 15 жылға бас бостандығынан айырылады.

Аустралияда ішіне ине жасырылған құлпынайлар табылды

Елдің Виктория штатында осындай екі оқиға тіркелген. Ішіне ине жасырылған құлпынайлар ірі супермаркеттерден табылған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оны сатып алғандар ауыр жарақат алмаса да, дәрігерлерге жүгінген. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы елдің сауда орталықтарында сатылған құлпынай, алма мен банан жемістерінің ішінен ине табылған болатын. Алғашында Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы фермалардың тұрғындары дабыл қақса, артынша қауіпті жемістер елдің өзге де аймақтарында тіркеле бастады. Осыған орай Жаңа Зеландияға жеміс экспорты тоқтатылды. Ал жеміс өндіруші компаниялардың бірі өнімдерін қоқысқа лақтырса, енді бірі дүкен сөрелеріне жіберер алдында өнімді металл іздегіш аппараттан өткізген болатын. 

Жеміс-жидек ішіне ине салды деп құлпынай фермасының қызметкері 50 жастағы Ми Ут Чинь есімді әйел адамға айып тағылған болатын. Ол мұндай әрекетке бастығынан кек алу мақсатында барған. Ол қазір сот үкімін күтуде. 

Құлпынай "дағдарысы" салдарынан бұл салаға 115,8 млн доллар көлемінде шығын келген. Жергілікті биліктің жаңа заңы бойынша, азық-түлікті қасақана бүлдіргендер 15 жылға бас бостандығынан айырылмақ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу