"Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша микрокредиттеудің ақпараттық жүйесі әзірленді

359

Бұл ауыл тұрғындары үшін бағдарламаның қолжетімділігін арттырады.

"Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша микрокредиттеудің ақпараттық жүйесі әзірленді Фото: ortcom_kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі "Акцепт" еншілес компаниясымен бірлесіп, "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша микрокредиттеудің ақпараттық жүйесін әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол кредит алу үшін электрондық өтінім беруге мүмкіндік береді. Бұл ауыл тұрғындары үшін бағдарламаның қолжетімділігін арттырады. Бұл жайында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.

Ведомтсво өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта бұл жүйе Жамбыл облысында іске қосылған. Сондай-ақ жақын арада Ақтөбе және Алматы облыстарында енгізіледі.

Бағдарламаны іске асыруда ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Оның аясында 6,2 млрд теңге сомасына 299 кооператив қаржыландырылды.

"Тұтастай алғанда, жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп пайдалану түрінде, сондай-ақ кооперативтер арқылы өнім өндіруді және оны өткізуді ұлғайту мүмкіндігінде өзіндік артықшылықтарға ие, бұл болашақта өндірілген өнімді сауда базарларының, қала дүкендерінің сөрелеріне шығаруға мүмкіндік береді",-деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.

Осыған байланысты, бағдарлама шеңберінде кооперативтер құруды ынталандыру үшін кредиттеудің ең жоғары сомасы 8 мың АЕК – ке дейін ұлғайтылған кооперативтерге кредит беру көзделген. Бүгінгі таңда бұл сома 29,5 млн теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу