"Ауыл аманаты" бойынша несие беруге арналған онлайн-платформа іске қосылды

71

Платформада несиелеу талаптарымен танысып, өтінімді электронды форматта жолдауға, қажетті құжаттарды тіркеуге және өтінімнің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік бар.

"Ауыл аманаты" бойынша несие беруге арналған онлайн-платформа іске қосылды Фото: Ауыл аманаты

"Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында жеңілдікті несие алуға өтінім енді Amanatnesie.kz платформасында онлайн қабылданады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сервисте көрсетілген ақпаратқа сәйкес, өтінімді толтыруға шамамен 10 минут қажет, ал оны қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.

Еске сала кетейік, "Ауыл аманаты" бағдарламасының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау. Бағдарлама бойынша қаржыландыру жылдық 2,5% мөлшерлемемен беріледі, несие мерзімі 5-7 жыл. Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал кооперативтер 8 мың АЕК-ке дейін несие ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу