Ауыл кәсіпкері "Ауыл аманаты" арқылы наубайханасын жабдықтап, жөндеу жүргізбек

697

Сондай-ақ, жылыжай мен сүт фермасын ашуды да жоспарлап отыр. 

Ауыл кәсіпкері "Ауыл аманаты" арқылы наубайханасын жабдықтап, жөндеу жүргізбек Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Ауылдық жерде наубайхана ашқан кәсіпкер "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр. Асхат Мәлімбаев мемлекеттік бағдарламаға қатысуға өтінім берді. Ол наубайханасын жабдықтап, оған жөндеу жұмыстарын жүргізуге ниетті.

Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылындағы наубайхана бір жылдан бері жұмыс істеп тұр. Оны осы өңірдің тумасы Асхат Мәлімбаев ашты. Ол жергілікті жеті адамға жалақысы 70 мың теңгелік жұмыс беріп отыр. Наубайханада бөлке нан, ақ нан, тандыр нан, тоқаш, калаш пісіріледі, оған қоса тапсырыспен пицца, фри картобын әзірленеді. Мұнда күніне 250 дана нан пісіріледі.

Кәсіпкердің айтуынша, наубайханаға жабдықтар сатып алу және нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін "Ауыл аманаты" жобасына қатысуға өтінім берілген. Соның аясында жылыжай мен сүт фермасын ашу да жоспарда бар.

Сонымен бірге А.Мәлімбаев Кеңес Одағы кезінде спорт мектебі ретінде жұмыс істеген ғимаратты сатып алды. Тозған нысанға күрделі жөндеу жүргізу үстінде. Оны қыркүйекке дейін жөндеп, заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені түрінде пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Онда ұлдар мен қыздарға арналған душ бөлмелері, бассейн, спорт залдары бар. Аумақ абаттандырылып, көгалдандырылады. Айта кету керек, бизнесмен құрылыс жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүзеге асыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу