"Ауыл Аманаты" бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие аясында Жаңаарқа, Ұлытау, Қаражал қалалары аудандарынан және Жезқазған қаласына жататын ауылдық округтерден 342 ауыл кәсіпкеріне 2,7 млрд теңге сомасында шағын несиелер берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Тағы 184 млн теңгеге 25 өтінім бойынша комиссияның оң шешімі шыққан. Ол өтініштер бойынша кепіл және несие келісім-шарттары дайындалуда.
Жақын арада жалпы сомасы 83 млн құрайтын 8 өтінім комиссия қарауына шығарылады.
Ұлытау облысының ауыл тұрғындарына несие беруге бөлінген 3,4 млрд теңгенің 3 млрд теңгесіне несие берілетін болады.
Осылайша, ауыл кәсіпкерлеріне 2,5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша микрокредит алу үшін әлі де 400 млн теңге қолжетімді деуге болады.
Ауыл кәсіпкерлеріне кредит беру бойынша өтінімдерді қабылдау әлі де жалғасуда: Жезқазған қаласы, Мира көшесі, 23а.
+7 708 768 3821