Ауыл маңынан алтын кенішін ашуға жітіқаралықтар қарсы

270

Қостанай облысы Жітіқара ауданының белсенділері мен Пригородное ауылының тұрғындары екінші алтын кенішін ашуға қарсы шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

 Ауыл маңынан алтын кенішін ашуға жітіқаралықтар қарсы Фото: mk-kz.kz

"Комаров" кен орнындағы алтын өндіретін алғашқы кеніш 2017 жылы іске қосылған.

Содан бері өндірістік жарылыстардың салдарынан үйлердің қабырғалары сөгіліп, ауылға көк шаң бұрқырайды екен. Ауданда бұдан да басқа кен орындары бар.

Мұның бәрі тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізіп, қатерлі ісікке шалдыққандар саны көбейген. Оны денсаулық сақтау басқармасы растап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу