Бүгін "Ауыл Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі Орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткерден талап етілетін құжаттарды ұсынды, деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметі.
Партияның атынан кандидат Төлеутай Сатайұлы Рахымбеков түседі.
Партия қоғамдық бірлестіктің жоғары органының президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзіндіні, сондай-ақ Төлеутай Рахымбековтың дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiшін, өмірбаяндық деректерін, сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжатты жеткізді. Сондай-ақ, кандидаттың жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі мен жоғарғы білімі туралы дипломдарының көшірмелері, мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттары ұсынылды.
Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 2019 жылғы 27 сәуірге тағайындалды.