"Ауыл" партиясы президенттікке Төлеутай Рахымбековты ұсынды

1303

Бұған дейін "NUR OTAN", "Ақ жол" партиялары өз үміткерлерінің есімін жариялаған болатын. 

"Ауыл" партиясы президенттікке Төлеутай Рахымбековты ұсынды

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы кезектен тыс өткізген XV съезінде алдағы президент сайлауына қатысатын үміткерді атады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Партияның атынан президенттікке кандидат ретінде Төлеутай Рахымбеков ұсынылды.

Төлеутай Сатайұлы 1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысында дүниеге келген. 1986 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын тәмәмдаған. Сол жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтында еңбек жолын бастаған ол түрлі басқармаларда, Сәтбаев қаласының әкімінің орынбасары, Ауыл шаруашылық министрлігінің басқарма бастығы, Ауыл шаруашылық министрлігіне қарасты "ҚазАгроИнновация" президенті, Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін "NUR OTAN""Ақ жол" партиялары өз үміткерлерінің есімін жариялаған болатын.

"Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан қоғам қайраткері, жазушы-журналист Сәдібек Түгел кандидат ретінде тиісті құжаттарын тапсырды.

Сондай-ақ, Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президенттікке кандидатын ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу